23.12.2025 12:50
«Атлетико» шабуылшысы клубтан кетуі мүмкін
23.12.2025 12:50
Александер Серлот қыста «Атлетикодан» кетуі мүмкін

Krrish хабарлауынша, 30 жастағы Норвегия шабуылшысы бас бапкер Диего Симеонемен сөзге келіп қалған. Осыған байланысты жақында команда ауыстыруы мүмкін.
Қазіргі таңда оған Ағылшын Премьер-лигасының клубтары көз тігіп отыр екен.
Серлот осы маусымда 22 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.