23.12.2025 11:05
«Интер» ойыншысы «Ювентуске» ауысуға жақын
23.12.2025 11:05
«Интер» жартылай қорғаушысы Давиде Фраттези мансабын «Ювентусте» жалғастыруы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Туриннің клубы 26 жастағы хавбекті сатып алу мүмкіндігімен маусым соңына дейін жалға алғысы келеді. Италия құрамасының ойыншысы да қаңтар айында клуб ауыстыруға дайын екен.
Фраттези осы маусымда 14 матчқа қатысып, екі гол соқты.