23.12.2025 08:17
Александер Исакқа ота жасалды
23.12.2025 08:17
«Ливерпуль» шабуылшысы Александер Исак «Тоттенхэмге» (2:1) қарсы ойында жарақат алды

Матчтан кейін медициналық тексерістің нәтижесінде оның кіші жілігі сынып, тобығы зақымдалғаны анықталды.
Осыған байланысты 26 жастағы шведке бүгін ота жасалды. Ал алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Исак «Ливерпульге» биыл «Ньюкаслдан» 145 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта 16 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.