23.12.2025 02:00
«Наполи» Италия Суперкубогының иегері атанды
23.12.2025 02:00
«Наполи» Италия Суперкубогының иегері атанды

Неапольдің клубы Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өткен финалда «Болоньяны» 2:0 есебімен жеңді. Аталған матчта Давид Нерес дубль жасады.
Осылайша «Наполи» өз тарихында үшінші рет Суперкубокты жеңіп алды. Бұған дейін 1990 және 2014 жылдары топ жарған.
Айта кетейік, 15 турдан кейін 31 ұпай жинаған Антонио Конте шәкірттері ішкі біріншілікте үшінші орында келеді.