22.12.2025 23:22
«Милан» Түрік қақпашыға көз тікті
22.12.2025 23:22
«Милан» «Лилль» қақпашысы Озерді бақылап жүр

«Лилль» клубының қақпашысы Берке Озер «Миланн» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды инсайдер Николо Скира.
Дереккөздің мәліметінше, «россонерилердің» скауттары 25 жастағы түрік қақпашыны екі рет бақылаған.
Биыл жазда «Лилль» қақпашы үшін «Портимоненсе» клубына 4,5 млн еуро төлеген. Ағымдағы маусымда ол 21 матчта 28 гол жіберіп, 7 ойында қақпасын құрғақ сақтаған.