22.12.2025 23:01
«Барселона» керемет нәтиже тіркеді
22.12.2025 23:01
«Барселона» соңғы 12 жылдағы рекордты жаңартты

«Барселона» нәтижелі матчтар сериясын жалғастырып, «Вильярреалдың» қақпасына екі гол соққан еді. Каталония командасы Ла Лигадағы қатарынан 38 матчта кем дегенде бір гол соғып келеді. Бұл 2013 жылдан бергі клубтық рекорд, деп хабарлайды Opta.
Ал 12 жыл бұрын «Барса» қатарынан 64 матчта гол соғып, лига тарихындағы ең ұзақ серияны тіркеген еді.
Ханс-Дитер Фликтің командасының келесі қарсыласы - «Эспаньол». Бұл дерби 3 қаңтарда өтеді. Қазіргі чемпиондар жылды турнирлік кестенің бірінші сатысында аяқтап, «Реалдан» төрт ұпайға озып кетті.