22.12.2025 23:24
Неймарға ота жасалды
22.12.2025 23:24
Бүгін, 22 желтоқсанда Неймарға ота жасалды

33 жастағы футболшыны менискі мазалап жүрген еді. Енді бүгін оған артроскопия жасалды. Қазір Нейдің халі жақсы екен. Жақында ауруханадан шығып, қалыпқа келу жаттығуларын бастайды. Бәрі ойдағыдай болса келесі айда қатарға оралады деп күтілуде.
Айта кетейік, Неймар биыл 28 матчта 11 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.