23.12.2025 01:16

Рафинья мансабын аяқтады

23.12.2025 01:16

«Барселонаның» экс-ойыншысы Рафинья мансабын аяқтады

«Барселонаның» бұрыңғы футболшысы, жартылай қорғаушы Рафинья Алькантара мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бразилиялық футболшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.

Айта кету керек, Рафинья мансабын салыстырмалы түрде ерте аяқтады - қазір ол 32 жаста. 2024 жылдың жазынан бастап Рафинья ешбір клубта тіркелмеген болатын.

Барселона сапында Рафинья Алькантара 90 матч өткізіп, 12 гол соғып, әріптестеріне 8 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар ол ПСЖ, Реал Сосьедад және Интер клубтарында да өнер көрсетті.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram