23.12.2025 14:20
«Әл-Насрға» қатысты заң күшін жойды
23.12.2025 14:20
Енді шектеу жоқ

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) «Әл-Наср» клубына салынған трансферлік тыйымды алып тастады, деп хабарлайды Фабрицио Романо.
Дереккөздің мәліметінше, Саудия клубы Эмерик Лапорттың трансфері бойынша «Манчестер Сити» алдындағы барлық міндеттемелерін орындаған. Клубқа қатысты іс жабылды.
Жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым 20 желтоқсанда «Манчестер Ситиге» 2023 жылы қорғаушы Эмерик Лапорттың трансфері үшін 9 миллион еуро қарыз болуына байланысты енгізілген еді. «Әл-Наср» бұл төлемді 31 тамызға дейін жүзеге асыруы тиіс болатын.
Еске сала кетейік, Лапорт 2023 жылы «Манчестер Ситиден» «Әл-Насрға» ауысқан, ал биыл 31 жастағы қорғаушы Испанияға оралып, «Атлетик» клубына қосылды.