23.11.2025 13:21
Адейеми «Арсеналға» ауысқысы келеді
23.11.2025 13:21
«Боруссия» Дортмунд шабуылшысы Кәрім Адейеми мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

Mirror хабарлауынша, Германия құрамасының ойыншысына «Манчестер Юнайтед» көз тігіп отыр. Ал 23 жастағы вингердің өзі «Арсеналға» ауысқысы келеді. Кәрімнің жанына Лондон қаласы майдай жағады екен.
Оның «Боруссиямен» келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Қазіргі таңда оны ұзарту жөнінде келіссөз жүріп жатқан жоқ.
Адейеми осы маусымда 15 ойында төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.