27.09.2026 15:12
Александер Исак қатардан шықты
27.09.2026 15:12
Швеция құрамасының шабуылшысы Александер Исак жарақат алды

27 жастағы форвард Ұлттар лигасы аясындағы Румынияға (2:1) қарсы ойында сол аяғының саусағын зақымдап алыпты. Осыған байланысты қалған үш ойынға қатыспай, клубы «Ливерпульге» оралатын болды.
Швеция келесі турда 28 қыркүйек күні Польшаны қабылдайды. Одан кейін Босния және Герцеговина (02.10) мен Румынияға (05.10) қонаққа барады.
Исак осы маусым «Ливерпуль» сапында жеті матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.