18.11.2025 08:25
Әлем чемпионатына шыққан құрама саны 34-ке жетті
18.11.2025 08:25
Кешегі ойын күнінің нәтижесінде тағы екі құрама 2026 жылғы әлем чемпионатына шықты

Атап айтсақ, Еуропадан – Германия мен Нидерланд төрт жылдықтың басты додасына жолдама алды.
Осылайша мундиальға баратын командалар саны 34-ке жетті. Олар: Канада, Мексика, АҚШ, Жапония, Аустралия, Иран, Аргентина, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Жаңа Зеландия, Бразилия, Эквадор, Уругвай, Парагвай, Колумбия, Марокко, Тунис, Египет, Алжир, Гана, Кабо-Верде, Оңтүстік Африка, Қатар, Сауд Арабиясы, Англия, Кот-д'Ивуар, Сенегал, Франция, Хорватия, Португалия, Норвегия, Нидерланд, Германия.
Бұл қатарға алдағы уақытта тағы 14 құрама қосылады.
Айта кетейік, АҚШ, Канада және Мексикада болатын мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Келер жылғы бәсеке 48 құрама бақ сынайтын тарихтағы алғашқы әлем чемпионаты болмақ.