18.06.2026 16:46

Әлем чемпионатының фавориттері белгілі болды

18.06.2026 16:46

Opta бірінші турдан кейін Әлем чемпионатының фавориттері рейтингісін жаңартты

Оған сәйкес Франция бірінші орынға көтерілді. Дидье Дешам шәкірттерінің чемпион атану мүмкіндігі 15.73%-ды құрайды. Екінші сатыға Англия (12.33%) жайғасса, үздік үштікті Аргентина (12.28%) түйіндеді.

Сондай-ақ алғашқы ондықтың қатарында Испания (12.08%), Германия (6.43%), Португалия (5.94%), Бразилия (5.37%), Норвегия (4.68%), Нидерланд (3.06%) және Колумбия (2.8%) бар.

Мундиальдың басталуына бір күн қалғанда Испания 16% көрсеткішпен көш бастап тұрған еді. Топтық кезеңнің екінші тур ойындары бүгін, 18 маусымда басталып, 24 маусымға дейін жалғасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram