18.06.2026 14:36
Энцо Фернандес «Реалмен» келісімге келді
18.06.2026 14:36
«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес «Реалға» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, Мадридтің клубы футболшымен 2032 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы алдын-ала келісімге келді. Енді «бланкос» «Челсиге» қомақты ұсыныс жасамақ. Энцоның өзі клуб ауыстыруға дайын және оған «Реал» ұнайды.
«Көктер» Фернандесті 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. 25 жастағы аргентиналық ойыншы биыл аяқталған маусымда 54 матчта 15 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына қатысып жатыр.