18.06.2026 11:15

Джуд Беллингем рекорд орнатты

18.06.2026 11:15

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем тарихи нәтиже тіркеді

«Реал» ойыншысы Әлем чемпионаты бірінші турындағы Хорватияға (4:2) қарсы матчта бір гол соқты.

Осылайша ол халықаралық футболдағы шоқтығы биік турнирлерге төрт рет қатысқан ең жас ойыншы атанды. Джуд 22 жас 353 күнінде Еуро-2020, Еуро-2024 және ӘЧ-2022, ӘЧ-2026 додаларында төбе көрсетті.

Беллингем Ұлттық құрама сапында 48 матчта алты гол соғып, он нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram