17.12.2025 20:12
Әлем чемпионатының жүлде қоры белгілі болды
17.12.2025 20:12
2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры белгілі болды

Жалпы қаражат 727 миллион долларды құрады. Бұл соңғы 2022 жылғы Қатарда өткен додадан 50%-ға көп.
FIFA сыйақы ретінде беруге 655 миллион доллар бөлді. Ол былай үлестіріледі:
33-48-орын: 9 млн доллар
17-32-орын: 11 млн доллар
9-16-орын: 15 млн доллар
5-8-орын: 19 млн доллар
4-орын: 27 млн доллар
3-орын: 29 млн доллар
2-орын: 33 млн доллар
Чемпион: 50 млн доллар.
Сондай-ақ әр құрама турнирге қатысқаны үшін 1,5 миллион доллардан еншілейді.
Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. АҚШ, Канада һәм Мексикада болатын мундиальда тарихта алғаш рет 48 құрама сынға түспек.