17.12.2025 18:01
«Милан» АПЛ шабуылшысын алуға жақын
17.12.2025 18:01
«Вест Хэм» шабуылшысы Никлас Фюллькруг «Миланға» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «россонери» 32 жастағы неміс форвардын маусым соңына дейін жалға алғысы келеді. Фюллькруг те Бундеслига клубтарынан түскен ұсыныстарға қарамастан, «Милан» жейдесін киюді қалайды екен.
Қазіргі таңда қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге бәрі сәтті өрбуде. Сондықтан трансфер қыста болуы бек мүмкін. Оның үстіне Милан клубының негізгі шабуылшысы Сантьяго Хименес жарақатына байланысты қатардан шығып қалған еді.
Айта кетейік, Фюллькруг осы маусымда тоғыз матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.