26.10.2025 23:53
Алонсо Винисиустың қылығына қатысты пікір білдірді
26.10.2025 23:53
«Реал» бас бапкері Хаби Алонсо «Барселонаға» (2:1) қарсы матчтан кейін Винисиус Жуниорға қатысты пікір білдірді

Испаниялық маман 72-минутта Винисиустың алаңнан алып тастады. Бразилиялық шабуылшы бұл шешіммен келіспей, ашу үстінде киім ауыстыратын бөлмеге қарай бет алды. Тіпті Алонсоның қолында алмай кетті.
— «Бұл сәтке тоқталмай-ақ қояйықшы. Мұны өзіміз іште шешіп аламыз. Винисиустың бүгінгі жеңіске қосқан үлесі зор»,– деді Алонсо матчтан кейін.
10 ойыннан кейін 27 ұпай жинаған «бланкос» турнир кестесінде жеке дара көш бастап тұр. Екінші орындағы «Барселонадан» бес ұпайға озып кеткен.