14.10.2026 18:12

Альваро Арбелоа жазаланды

14.10.2026 18:12

Англия футбол қауымдастығы (FA) Альваро Арбелоаға қатысты шешім шығарды

«Фулхэм» бас бапкері АПЛ 5-турындағы «Манчестер Юнайтедке» (1:1) қарсы ойында төрелік еткен мамандарды сынаған еді. Аталған кездесуде бас қазы қызметін Питер Бэнкс атқарды.

«Біз жеңіске жетуге жақын едік, бірақ жолымызға төрешілер бөгет болды. Олар «Манчестер Юнайтедтің» жеңілгенін қаламайды. Төреші барлық шешімін бізге қарсы шығарды»,– деді Арбелоа матчтан кейін.

Осыған байланысты ол 25 000 фунт стерлинг көлемінде айыппұл арқалады.

43 жастағы испаниялық маман Лондонның клубын өткен жазда тізгіндеген. Алты турдан кейін бар-жоғы екі ұпай жинаған «Фулхэм» ішкі біріншілікте соңғы 20-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram