05.06.2026 14:59

Анчелотти: Бразилия Әлем чемпионатын жеңеді

05.06.2026 14:59

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Әлем чемпионаты қарсаңында пікір білдірді

«Меніңше, біз чемпион атанамыз. Оған алдымен ойыншылардың өзі сену керек. Футболшылардың сенімі жоғары болса, мотивация да артады. Бұл тұрғыда психология үлкен рөл ойнайды. Жігіттер барын салып, ортақ мақсат үшін тер төгуіміз керек»,– деді 66 жастағы италиялық маман.

«Пентакампеондар» С тобында Шотландия, Марокко және Гаитимен ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада һәм Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram