05.06.2026 08:56

Флорентино Перес топ-трансфер жасайтынын мәлімдеді

05.06.2026 08:56

«Реал» президенті Флорентино Перес жақын күндері топ-трансфер болатынын айтты

«Біз қазір үш трансфер жасадық: Моуринью, Дюмфрис және Конате. Бірақ бұл әлі басы. Сейсенбі күні Чемпиондар лигасында ойнайтын топ-клубтың ғаламат ойыншысына ұсыныс жасаймын. Бұл «Реал» тарихында болмаған қомақты сома болады. Кемі 150 миллион еуро.

Олисе – керемет футболшы, бірақ мен айтып отырған ойыншы ол емес. Доку да емес, Холанд та емес, Кейн де емес. Ол жартылай қорғаныс пен шабуылда тер төгеді»,– деді Перес.

Осыған дейін «Реал» «Интерден» Дензел Дюмфристі және «Ливерпульден» Ибраима Конатені алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram