04.06.2026 22:38

Ла Лиганың үздік жас ойыншысы белгілі болды

04.06.2026 22:38

«Леванте» шабуылшысы Карлос Эспи Испания Ла Лигасының осы маусымдағы үздік жас ойыншысы атанды

20 жастағы испаниялық форвард 25 матчқа қатысып, 11 гол соқты.

Осылайша жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Арда Гүлер («Реал»), Фермин Лопес («Барселона»), Виктор Муньос («Осасуна») және Альберто Молейроны («Вильярреал») артқа тастады.

Бұған дейін «Барселона» тәлімгері Ханс-Дитер Флик үздік бапкер атанса, үздік голдың авторы «Реал» жартылай қорғаушысы Арда Гүлер болды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram