24.12.2025 09:53
Англия Лига кубогының жартылай финал жұптары анықталды
24.12.2025 09:53
Англия Лига кубогының жартылай финалында кездесетін жұптар белгілі болды

Алғашқы финал жолдамасын «Ньюкасл» мен «Манчестер Сити» сарапқа салады. Екінші жартылай финалда «Челси» «Арсеналмен» күш сынасады.
Бірінші матчтар 13-14 қаңтар күндері өтсе, қарымта кездесулер 3-4 ақпанға белгіленген. Ал финал 25 наурызда болады.
Еске салсақ, турнирдің өткен маусымында «Ньюкасл» финалда «Ливерпульді» (2:1) жеңіп, топ жарған еді.