07.11.2025 17:10
Англияның құрамы жарияланды
07.11.2025 17:10
Англия қараша айындағы ойындарға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады
Қақпашылар: Дин Хендерсон, Джордан Пикфорд, Ник Поуп;
Қорғаушылар: Дэн Бёрн, Марк Гехи, Рис Джеймс, Эзри Конса, Нико О'Райли, Джарелл Куанса, Джед Спенс, Джон Стоунс;
Жартылай қорғаушылар: Эллиот Андерсон, Джуд Беллингем, Джордан Хендерсон, Деклан Райс, Морган Роджерс, Алекс Скотт, Адам Уортон, Джаррод Боуэн, Эберечи Эзе, Фил Фоден, Энтони Гордон;
Шабуылшылар: Харри Кейн, Маркус Рэшфорд, Букайо Сака.
«Үш арыстандар» қараша айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. Алдымен 14 қарашада Сербияны қабылдаса, араға екі күн салып, Албанияға қонаққа барады.
Алты турдан кейін ұпайдан шашау шығармаған Томас Тухель шәкірттері К тобында бірде-бір гол жібермей көш бастап келеді.