30.07.2026 16:43

Анхелиньо «Депортиво» ойыншысы атанады

30.07.2026 16:43

Анхелиньо «Ромадан» «Депортивоға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша келісімге келді және қазір құжат алмасып жатыр. «Супердепор» 29 жастағы испаниялық қорғаушыны сатып алу құқығымен екі миллион еуроға жалға алды.

Анхелиньо «Рома» намысын 2024 жылдан бері қорғап келді. Оған дейін «Лейпциг», «Галатасарай», «Хоффенхайм», «Манчестер Сити», ПСВ, «Мальорка», «Жирона» және «Нью-Йорк Ситиде» ойнаған.

Ал «Депортиво» өткен маусым Сегундада екінші орын алып, сегіз жылдан кейін Испания Ла Лигасына оралды. Бұған дейін клуб шабуылшы Пьер-Эмерик Обамеянгты «Марсельден» 1,5 миллион еуроға сатып алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram