21.11.2025 21:00
АПЛ келер маусымы 22 тамызда басталады
21.11.2025 21:00
2026/27 жылғы Ағылшын Премьер-лигасының күнтізбесі белгілі болды

Маусымның беташар матчы 2026 жылдың 22 тамызында өтеді. Ал лиганы қорытындылайтын кездесу 2027 жылдың 30 мамырына жоспарланды.
Келер жылы 38 турдың 33-і демалыста, ал қалған алтысы апта ортасында болады екен.
Айта кетейік, осы маусымда 11 ойында 26 ұпай жинаған «Арсенал» турнир кестесінде көш бастап келеді.