21.11.2025 18:41

«Ливерпуль» Рафиньяға көз тікті

21.11.2025 18:41

«Ливерпуль» Рафиньяның қазіргі жағдайын бақылауда

«Ливерпуль» «Барселонаның» жұлдызы Рафиньяны қатарға қосуды көздеп отыр. «Мерсисайдтықтар» жазғы трансфер терезесінде футболшыны сатып алу үшін шамамен 100 миллион еуро ұсынуға әзір екені хабарлануда.

«Қызылдардың» жоспары түсінікті. Салахты Сауд Арабиясына қомақты қаржыға сатып, «Барса» ойыншысын сатып алу.

Рафинья Салахтың орнын басатын тамаша үміт болып отыр. Өткен жылы Рафа керемет маусым өткізіп, 57 матчта 34 гол соғып, 26 нәтижелі пас берген. Биыл жарақатына байланысты бірнеше ойынға қатыспады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram