21.11.2025 16:17
Кейн «Барселонаға» ауысуы мүмкін
21.11.2025 16:17
«Барселона» Харри Кейнді Левандовскидің орнына алуы мүмкін

Каталонияның «Барселонасы» маңызды трансферлік жоспар құруда. Журналист Фернандо Полоның хабарлауынша, клуб Роберт Левандовскидің орнын басатын жаңа жұлдыз ретінде Харри Кейнді қарастыру үстінде.
Ағылшын шабуылшысы қазір трансферге қолжетімді футболшылардың бірі саналады. Оның шамамен 65 миллион еуро көлеміндегі өтемақысы клубқа тиімді болып отыр. Бұл қазіргі нарықтағы жағдайды ескерсек, жоғары деңгейдегі шабуылшы үшін өте қолайлы баға.
Әзірге нақты қадамдар жасалмады. Кейннің өзі де үнсіз. Ал Левандовски туралы ақпарат жоқ. Осыған дейін оған «Милан» ұсыныс тастағанын жазған едік.