21.11.2025 15:53
Флориан Вирц қатардан шықты
21.11.2025 15:53
«Ливерпуль» ойыншылары Флориан Вирц пен Конор Брэдли қатардан шықты

Бас бапкер Арне Слоттың айтуынша, екеуі де бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты жартылай қорғаушы Вирц 1-2, ал қорғаушы Брэдли үш аптадай ойнай алмайтын болды.
11 ойыннан кейін 18 ұпай жинаған «Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасында сегізінші орында келеді. Арне Слоттың шәкірттері келесі турда, ертең «Ноттингем Форестті» қабылдайды.