21.11.2025 15:42

Палмер тағы жарақат алды

21.11.2025 15:42

«Челси» дүлдүлі Коул Палмер жарақат алып қалды

23 жастағы жартылай қорғаушы үйінде жүріп, аяғының саусағын сындырып алыпты.

Осыған байланысты Чемпиондар лигасындағы «Барселона» және ішкі біріншіліктегі «Бёрнли» мен «Арсеналға» қарсы матчтарға қатыспайтын болды.

Бұған дейін Англия құрамасының ойыншысы шап тұсындағы жарақатына байланысты 20 қыркүйектен бері ойнамаған еді.

Еске салайық, «ақсүйектер» «Барселонамен» 25 қарашада кездессе, Лондон дербиінде араға бес күн салып ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram