21.11.2025 12:36

Тер Штеген «Бешикташқа» ауысуы мүмкін

21.11.2025 12:36

«Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген мансабын «Бешикташта» жалғастыруы мүмкін

Diario Sport мәліметінше, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен. Ыстамбұлдың клубы 33 жастағы голкиперді қыста маусым соңына дейін жалға алғысы келеді.

Тер Штегеннің өзі Германия құрамасымен Әлем чемпионатына бару үшін клуб ауыстыруға дайын. «Барселона» да Маркты жалға беруге кетәрі емес екен.

Айта кетейік, Тер Штеген осы маусымда әлі алаңға шықпады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram