21.11.2025 10:52
Кукурелья ат басын Мадридке бұруы мүмкін
21.11.2025 10:52
«Челси» қорғаушысы Марк Кукурелья мансабын Мадридте жалғастыруы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, 27 жастағы ойыншыға «Атлетико» қызығушылық танытуда. «Матрасшылар» Маркты біраздан бері бақылап жүр екен.
Мадридтің клубы Испания футболшысы үшін 35,3 миллион фунт стерлинг ұсыныс жасауға дайын.
Айта кетейік, Кукурелья осы маусымда 16 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берді.