21.11.2025 10:16

Ди Мария бапкерлікке бет бұрмақ

21.11.2025 10:16

«Росарио Сентраль» вингері Анхель Ди Мария алдағы жоспарымен бөлісті

– «Мен Леандро Паредеспен бапкерлер штабын құрғым келеді. Қазір лицензия алу үшін курстардан өтіп жатырмын. Менің командам өле-өлгенше 4-3-3 жүйесімен ойнайтын болады. Біз Леандро екеуміз бұл мәселені біраз талқыладық. Мансабымды аяқтағаннан кейін «Росарио Сентраль» мен «Бока Хуниорсты» баптауды қалаймын,– деді 37 жастағы ойыншы.

Ди Мария биыл 19 ойында 11 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram