21.11.2025 08:50
Семеньо «Ливерпульді» таңдады
21.11.2025 08:50
«Борнмут» вингері Антуан Семеньо қыста клуб ауыстыруы мүмкін

Дэвид Орнштейнның мәліметінше, 25 жастағы ойыншыға «Ливерпуль», «Манчестер Сити» және «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр.
Ал Антуанның өзі Арне Слоттың командасына қосылғысы келеді екен.
Семеньо Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымында 11 ойында алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.