20.11.2025 22:56
Фернандиньо мансабын аяқтады
20.11.2025 22:56
«Манчестер Сити» мен Бразилия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Фернандиньо мансабын аяқтағанын мәлімдеді

– «Шаршадым. Қайырымдылық матчы кезіндегі 30 минутта діңкем құрып қалды. Футболда мен үшін ешқандай мотивация қалмады. Біраз дүниеге қол жеткіздім. Барымды салдым. Енді отбасыммен өткізген уақыттан ләззат алатын шақ келді», – деді ойыншы.
40 жастағы Фернандиньо «Шахтар», «Манчестер Сити» мен «Атлетико Паранаэнсе» және Бразилия құрамасында ойнаған еді.
Мансабында 918 матчта 110 гол соғып, 114 ассист жасады. Сондай-ақ жалпы 33 трофейге қол жеткізді. Оның бесеуі – Ағылшын Премьер-лигасының титулы.