20.11.2025 21:31

Анджело Штиллер «Реалды» таңдады

20.11.2025 21:31

«Штутгарт» тұтқауылы Анджело Штиллер мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

Экрем Конурдың мәліметінше, 24 жастағы ойыншыға «Реал», «Манчестер Юнайтед», «Бавария», «Ливерпуль» және «Боруссия» Дортмунд көз тігіп отыр.

Ал Штиллер Мадридтің клубына ауысуды қалайды. Германия жартылай қорғаушысы Хаби Алонсомен жұмыс істегісі келеді екен.

Штиллер осы маусымда 17 матчта бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram