20.11.2025 21:27
Куртуа бапкерге қолдау көрсетті
20.11.2025 21:27
Куртуа: «Команда да барлығы дұрыс»

«Реал Мадрид» қақпашысы Тибо Куртуа бас бапкер Хаби Алонсоға қолдау білдірді. Қақпашы бапкер мен команда арасындағы қарым-қатынастың шиеленіскенін жоққа шығарды.
«Бізде бас бапкермен нашар қарым-қатынас деген ақпарат мүлде жалған. Көңілі толмайтын ойыншылар әрқашан кездеседі. Олар аз ойнап немесе өз позициясында өнер көрсетпесе. Біз бұл мәселені жеке талқылаймыз. Ешқандай мәселе жоқ» - деді Куртуа.
Осыған дейін Хаби Алонсо мен командадағы бірнеше ойыншы арасында түсініспеушіліктер болды деген ақпарат тараған еді.