21.11.2025 08:25
Фабиу Карвалью маусым соңына дейін қатардан шықты
21.11.2025 08:25
«Брентфорд» вингері Фабиу Карвалью маусым соңына дейін қатардан шықты

23 жастағы футболшы тізесіндегі алдыңғы айқыш байламын зақымдап алыпты. Осыған байланысты оған алдағы уақытта ота жасалады.
Бұл оның мансабындағы 7-жарақаты болды. Бұған дейін 193 күні емделуге кетіп, 33 матчтан тыс қалған.
Карвалью «Брентфордке» 2024 жылдың жазында «Ливерпульден» ауысып келген еді. Осы аралықта 33 ойында алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.