21.11.2025 11:48
«Ювентус» ойыншысы қатардан шықты
21.11.2025 11:48
«Ювентус» қорғаушысы Даниэле Ругани жарақат алды

31 жастағы ойыншы сейсенбі күні жаттығу барысында оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты кемі үш апта командасына көмектесе алмайтын болды.
Бұл оның мансабындағы 12-жарақаты. Осыған дейін 234 күні емделуге кетіп, 49 матчтан тыс қалған.
Ругани осы маусымда жеті матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады