21.11.2025 14:29
Мактоминей АПЛ-ге оралуы мүмкін
21.11.2025 14:29
«Наполи» жартылай қорғаушысы Скотт Мактоминей мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 28 жастағы футболшыны «Арсенал», «Тоттенхэм», «Эвертон» және бұрынғы клубы «Манчестер Юнайтед» бақылап отыр.
Ал Неапольдің клубы басты ойыншысын 80 миллион еуроға бағалайды. Мактоминейдің өзіне де бұл ұжым майдай жағады екен.
Скотт осы маусымда 14 матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.