21.11.2025 15:49
Бензема қайта оралады
21.11.2025 15:49
Кәрім Бензема топ-5 лигаға оралуы мүмкін

Бензема әлі бабында. 37 жастағы шабуылшыға керемет ұсыныс түсті. Маусым соңында «Әл-Иттихадпен» келісімшарты аяқталатын Кәрім бұрыңғы клубына оралуы мүмкін.
Осы сәтті пайдалана отыра «Лион» Бенземаны еркін агент ретінде қатарына қосып алғысы келеді. Шабуылшының өзімен байланысқа шығып үлгеріпті.
Кәрімнің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Осыған дейін «Реалға» шақырса барамын деп тұспалдаған еді.