21.11.2025 16:10

Аты шулы жазба өшірілді

21.11.2025 16:10

Жанкүйерлердің наразылығынан қорқып кетті-ау

Фифаның ресми парақшасы күні кеше ӘЧ-2026 алдында арнайы жазба жариялаған еді. Ол жерде жаһан чемпионатына қатысатын құрамалардың көшбасшылары бейнеленген.

Дегенмен ол суреттен Криштиану Роналдуды таба алмадық. Оның орнына Бруно Фернандешті қойыпты. Бұл жағдай кешеден бүгінге дейін әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Бүгін парақша ол жазбаны өшіріп тастапты. Пікір алаңы неше түрлі былапыт сөзге толғасын, жанкүйерлердің қарғысына қалудан қорыққан болуы керек. Жанкүйерлер олқылықтың орнын толықтырып, жазбаны қайта салуды сұрауда.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram