21.11.2025 16:26

ПСЖ Холанд үшін қомақты қаржы төлеуге дайын

21.11.2025 16:26

ПСЖ Холанд үшін 200 миллион еуро төлеуге дайын

Париждің ПСЖ клубы кезекті үлкен трансферге кірісуі мүмкін. Клуб басшылығы «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холандты алу үшін 200 миллион еуроға дейін төлеуге дайын екенін жеткізген. Егер бұл келісім жүзеге асса, 2017 жылы Неймардың «Барселонадан» ПСЖ-ға ауысуынан кейінгі футбол тарихындағы ең қымбат трансферлердің бірі болмақ.

Бұл келісім бойынша әзірге ешқандай ресми ақпарат шықпады. Клуб өкілдері де үнсіз. Холандқа ПСЖ клубынан бөлек «Реал» командасы да қызығушылық танытып отыр.

Осыған дейін ПСЖ Ямаль үшінде қомақты қаржы жұмсауға дайын екендіктерін жеткізген. Клубтың мақсаты - кем дегенде бір жұлдызды ойыншы алу секілді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram