26.07.2026 18:15
АПЛ келер маусымының фавориті белгілі болды
26.07.2026 18:15
Polymarket Ағылшын Премьер-лигасының келер маусымында командалардың топ жару мүмкіндігін бағалады

Аталған рейтингіде қазіргі чемпион «Арсенал» көш бастап тұр. «Зеңбірекшілердің» чемпион атану мүмкіндігі 37%-ды құрайды. Екінші орынға «Манчестер Сити» (30%) жайғасса, оның артынан «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» (екеуі де – 12%) келеді. Ал үздік бестікті «Челси» (10%) түйіндеп тұр.
АПЛ жаңа маусымы 21 тамыз күні басталады. Алғашқы турдың беташар матчында былтыр топ жарған «Арсенал» «Эмирейтс Стэдиумде» Чемпионшиптен келген «Ковентри Ситиді» қабылдайды.