26.07.2026 17:19

Джеко «Шалькеде» қалады

26.07.2026 17:19

«Шальке» шабуылшысы Эдин Джеко клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты тағы бір жылға, яғни 2027 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Джеко жаңа құжатқа қол қоюға келісімін берді.

Эдин «Шальке» намысын Бундеслигада қорғау үшін Италия А Сериясы, MLS және Германия клубтарының ұсынысынан бас тартқан екен.

40 жастағы босниялық форвард «кеншілердің» сапына қаңтар айында қосылған еді. Содан бері 11 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сондай-ақ «Шальке» былтыр Екінші Бундеслигада чемпион атанып, төрт жылдан кейін жоғарғы дивизионға оралды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram