20.02.2026 20:16
АПЛ клубы бас бапкерсіз қалуы мүмкін
20.02.2026 20:16
Оливер Гласнер «Кристал Пэластан» кетуі мүмкін

Осыған дейін 51 жастағы австриялық бапкер жазда командамен қош айтысатынын хабарлаған еді. Ал енді «қырандар» Гласнерден маусым ортасында айырылып қалуы мүмкін.
Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап қазір осы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Жақын күндері келісімшарт мезгілінен бұрын бұзылады деген қауіп бар.
Гласнер Лондонның ұжымын 2024 жылдың ақпан айында тізгіндеген еді. Осы аралықта команда 44 рет жеңіске жетіп, 28 мәрте тең түссе, 29 матчта қарсыласына жол берді. Сондай-ақ ол Англия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
26 турдан кейін 42 ұпай жинаған «Кристал Пэлас» Ағылшын Премьер-лигасында 13-орында келеді.