20.02.2026 16:48
Лаутаро Мартинес қатардан шықты
20.02.2026 16:48
«Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес жарақат алды

28 жастағы аргентиналық форвард «Будё/Глимтке» (1:3) қарсы ойында сол аяғының балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен бір ай көлемінде командасына көмектесе алмайды.
Мартинес осы маусымда 35 матчта 18 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.