20.02.2026 13:52

Влахович «Барселонаға» ауысуға дайын

20.02.2026 13:52

«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Tuttosport хабарлауынша, 26 жастағы сериялық форвард «Ювентусте» қалғысы келеді. Бірақ Туриннің клубы онымен 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпаса, онда Душан «Барселонаға» еркін агент ретінде ауысуға дайын екен. Жақында футболшы «Ювентустің» басшылығымен кездеседі.

Оған «Барселонадан» бөлек «Милан» және Ағылшын Премьер-лигасының бірқатар командасы көз тігіп отыр.

Влахович осы маусымда 17 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram