20.02.2026 12:57
Педри қатарға оралды
20.02.2026 12:57
«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри қатарға оралды

23 жастағы испаниялық ойыншы кеше топпен бірге жаттығу өткізіпті. Енді 22 ақпанда болатын «Левантеге» қарсы ойынға қатысуы бек мүмкін.
Ол 21 қаңтар күні тізе астындағы сіңірін зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.
Педри осы маусымда 25 матчта екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.