19.02.2026 21:52

Чемпиондар лигасының үздіктері анықталды

19.02.2026 21:52

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчтарында үздік ойын көрсеткен футболшылардан символикалық құрама жасақталды

UEFA бақылаушылары оған сегіз түрлі клубтың ойыншысын қосты:

Қақпашы: Грегор Кобель («Боруссия» Дортмунд);

Қорғаушылар: Алехандро Гримальдо («Байер»), Дэн Бёрн («Ньюкасл»), Давинсон Санчес («Галатасарай»), Юлиан Рюэрсон («Боруссия» Дортмунд);

Жартылай қорғаушылар: Дезире Дуэ (ПСЖ), Габриэль Сара («Галатасарай»), Орельен Тчуамени («Реал»), Христос Цолис («Брюгге»);

Шабуылшылар: Энтони Гордон («Ньюкасл»), Каспер Хёг («Будё-Глимт»).

Айта кетейік, турдың «үздік ойыншысы» марапатын «Қарабахқа» (6:1) қарсы ойында покер жасаған «Ньюкасл» вингері Энтони Гордон жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram